Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 260-85-91
Әдіскер:
+7(727) 260-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Баланың балабақшаға бейімделуі
14
май
2020

Баланың балабақшаға бейімделуі

Баланың әлеуметтенуі қашан, қайда басталады, әрине отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез- құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.
   Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?
Балабақшаға бала бейімделуі көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді,ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді.
Баланың балабақшаға  қиын бейімделу  себептері:
* Басқа адамдармен бұрын қалып көрмеген
* Дәретке өзі отырып үйренбеген
* Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ (Мысалы,қызылша, орамжапырақ, қатты тамақтарды шайнап үйренбеген)
Бейімделудің түрлері:
1. Жеңіл түрі - баланың мінез- құлығы 10-15 күнде  қалпына келеді.
2.Орташа ауырлық бейімделу бір айдың ішінде.
3.Ауыр бейімделу  2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата - аналардың  балалары да, балабақшаға қиын бейімделеді. Өйткені ата - анасының  қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата- аналар балаларға көмек беру керек.
Мысалы: Ертеңгілік баламен қоштасуды жеңілдету тәсілдері.
Баламен тез қоштасып  үйреніңіз, қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады. Балаңыз Сізге сенсін десеңіз, балабақшаға әкеліп, тез арада кетіп қалуға тырысыңыз.балаңызға  ұнайтын қоштасу тәсілін ойлап табыңыз және тапқан тәсіліңізді қатал ұстаңыз. Балаңыз  аз уақыт ішінде балабақшаға бейімделіп кетсе бізде қуаныштымыз.