Алматы қаласы Білім басқармасының
«№108 бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727) 260-85-91
Әдіскер:
+7(727) 260-80-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2026

Қайлы

Алматы қаласы әкімдігінің «Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/473 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Алматы қаласының әкiмдiгi  : ҚАУЛЫЕТЕДI 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Мектепке дейінгі ұйымдарда халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға кететін шығындарды өтеу туралы» 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/473 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Алматы қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленушілердің келесі жекелеген санаттары: 1) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды; 2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, бала кезінен мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды; 3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы отбасылардан шыққан балаларды; 4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыруға кететін шығындар толығымен өтелсін.»