08
ноябрь
2021
«balatili.kz» сайты

«balatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата- аналарға арналады.
Сайтта дыбыс пен әріп, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін, тұрақты сөз тіркестеріне қатысты дидактикалық оқу материалдары, сонымен бірге балалардың тілдік, жазу және көркем жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы оқыту материалдары қамтылады.
Қазақ тілін дамытуға өз үлестеріңізді қосып, балаңыздың қазақ тілінде таза сөйлеуіне ықпал етіңіз!